Библиотека

Мектеп кітапханасы
Мектеп кітапханасы мектепте оқушылардың жайлы және бейресми  болатын орын. Оқу сабақтарын өткізу, тапсырмаларды  орындау, компьютерде жұмыс істеу және тіпті демалуға ыңғайлы.
Мектеп кітапханасы
✔ кітапхана және ақпараттық ресурстар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді,  ақпарат көздеріне  жол ашады.
✔ ақпаратты іздеу және сыни бағалау үшін алгоритмдер мен технологияларды үйретеді, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеті негізіндегі оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді;
✔ пайдаланушылардың өздерін тәрбиелеу қабілетін дамытуға, оқушыларды әлемдік және ұлттық мәдениеттің қазынасына енгізуге ықпал етеді.
Мектеп кітапханасы бірыңғай ақпараттық және білім беру кеңістігін құрады, оқушыларға, оқытушыларға және басқа да мектеп қызметкерлеріне арналған кітапханалық және ақпараттық қызметтерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кітапхана пайдаланушыларға келесіндей қызмет көрсетеді:
✔ жазылу (абонементте)  (үйге кітаптар беру);
✔оқу залында (мерзімді басылымдармен жұмыс, анықтамалық кітаптар, сирек басылымдар мен жұмыс жасау).
 
Кітапхананың жалпы кітап қоры- 25 327 дана
Олардың ішінде:
Оқулықтар- 23574 дана
Көркем әдебиет — 1753 дана
Әдістемелер- 75 дана
Ағымдағы жылға жазылған мерзімді басылымдар саны- 20
Оқырмандар — 342
Келушілер саны -2609
Кітап беру – 557